Қазақстан жүк компаниясы

«Қазақстан Жүк Компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізі 2011 жылы қаланған. Серіктестіктің басым қызметі теміржол көлігімен экспорттық, импорттық, ішкі қатынастарда жүк тасымалы саласындағы көлік экспедициясының қызметтер кешенін көрсету болып табылады. ...

КОМПАНИЯ ЖАЙЫНДА

Компания жайында

«Қазақстан Жүк Компаниясы» ЖШС-нің негізі 2011 жылы қаланған. Кәсіпорыназдаған мерзім ішінде қарқынды дамып, шағын фирмадан Қазақстанның жетекші экспедиторлық компанияларының бірі деңгейіне дейін жетіп отыр.

Серіктестіктің басым қызметі теміржол көлігімен экспорттық, импорттық, ішкі қатынастарда жүк тасымалы саласындағы көлік экспедициясының қызметтер кешенін көрсету болып табылады.

«Қазақстан Жүк Компаниясы» ЖШС бүгінгі күні кең ауқымды көлік-экспедиция қызметтерін ұсынады, республикаішілік және халықаралық қатынастарда жүк тасымалдарын ұйымдастырып, жүкті экспедициялаумен байланысты кез-келген міндеттерді шешеді.

Компанияның ұраны: «Сапалы қызмет және бәсекелік мөлшерлеме».

«Қазақстан Жүк Компаниясы» ЖШС қызметінің процесінде ішкіэкономикалық мәмілелерге қызмет көрсетуде жүйелі тәсіл қалыптасқан, жеке жекеменшік кәсіпкерлерден бастап өңірдегі көмір өндіруші, металлургиялық және аграрлық өнеркәсіп өкілдері– өнеркәсіптік кәсіпорындарға дейінгі әртүрлі клиенттермен,  жұмыс істеуде мол тәжірибеге ие.

Компания жұмысының қағидаттары мыналар: тасымалды оңтайландыру, қызмет көрсетудегі жеке тәсіл, оралымдылық пен шапшаңдық.

«Қазақстан Жүк Компаниясы» ЖШС негізгі басымдығы компания қызметкерлерінің кәсіпқойлығы мен зияткерлік әлеуеті болып табылады – олардың біліктілігі жоғары, бұл ең күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Жоғары және орта буын менеджерлерінің көлік, логистика, құқық, консалтинг, кеден мәселелері саласындағы жұмыс тәжірибесі жоғары сапалы сервис деңгейін алуға мүмкіндік береді.

 

сертификат

«Қазақстан Жүк Компаниясы» ЖШС үдемелі, тиімді және әлеуметтік-бағдарланған, өз қызметін қатаң түрде ISO 9001:2009 атты сапа менеджменті саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асыратын кәсіпорын болып табылады, оны сертификаттау жөніндегі беделді органдардың бірі “BusinessCertificationCentre” ЖСШ-нің Серіктестікке берген сәйкестік сертификаты растайды.

 
Бізді таңдаудағы 4 себеп
  • МЕРЗІМНІҢ
    САҚТАЛУЫ
  • ТЕГІН КЕҢЕС
    БЕРУ
  • ЖЕТКІЗУДЕГІ КҮРДЕЛІЛІКТІ
    ШЕШЕМІЗ
  • ҚАҒАЗДАРДЫ
    РЕСІМДЕУ