Қазақстан жүк компаниясы

«Қазақстан Жүк Компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізі 2011 жылы қаланған. Серіктестіктің басым қызметі теміржол көлігімен экспорттық, импорттық, ішкі қатынастарда жүк тасымалы саласындағы көлік экспедициясының қызметтер кешенін көрсету болып табылады. ...

Логистика

Логистика

Сізге стандартты емес жүк тасымалдары, габариттен тыс және ауыр салмақты жүктерді, әртүрлі жабдықты жеткізу қажет пе? «Қазақстан Жүк Компаниясы» ЖШС дүниежүзі бойынша ең жоғары тиімді жеткізуді қамтамасыз ететін логистика саласындағы ірі жобаны білдіреді. Біз оңтайлы маршруттарды, ұйымдастыру мен жауапкершіліктің жоғары деңгейін ұсынуға, клиенттерге кәсіби кеңес беруге дайынбыз.

Қиыр Шығыс, Африка, еуропалық мемлекеттер, Таяу Шығыс елдерінен және кері бағытта жүк тасымалдау  біз үшін күнделікті іс болып табылады. Бізбен серіктес болу клиенттерге жүк тасымалына қойылатын жоғары сапалы сервисті, жеткізудің оңтайлы мерзімін, тиімді мөлшерлеме мен жүктің толық сақталуыналуға мүмкіндік береді.

Біздің қызметкерлер әрбір нақты жағдайға жүктің, жөнелтілетін өңірдің ерекшеліктерін және басқа факторларды есепке ала отырып, жеке маршрутты пысықтап алады. Жобалық экспедитор логистикасы шекті тиімділікті қамтамасыз ете отырып, көліктің бір түрінен басқасына тиеудің қолайлы нүктелерімен мультимодальды тасымалдау тізбегін қалыптастыруға мүмкіндік береді.